» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұғалімдер анкетасы

Автор: admin от 15-05-2016, 05:10, посмотрело: 1458

9

Мұғалімдер анкетасы Мұғалімдер анкетасы Мұғалімдер анкетасы

Категория: Галерея

 
 

ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Автор: admin от 15-05-2016, 04:05, посмотрело: 875

6 ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары
- Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?
- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.
Күн тәртібі...

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 15-05-2016, 03:56, посмотрело: 673

10
Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы Мектеп тарихы

Категория: Галерея

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 15-05-2016, 03:37, посмотрело: 990

9
«Қызыл таң» жалпы орта мектебінің іргетасы сонау 1950-1951 жылдары құрылған болатын. Ол кезде мектеп атауы болмаған еді. Әрине мектеп алғашқы жылдары бастауыш сынып негізінде құрылды. Ал осы бастауыш сыныптың алғашқы мұғалімі Танаев Садық атамыз болды. Ол кісі сол мектеп жоқ кезеңдерде...

Категория: Мектеп

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Автор: admin от 14-05-2016, 12:52, посмотрело: 1956

24
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті.
 

1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;

2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;

3. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;

4. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;

5. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;

6. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;

7. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;

8. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;

9. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;

10. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;

11. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;

12. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;

13. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;

14. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті. 

 

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
  6. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  7. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  8. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  9. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
  11. "Болашақ мектебі-бүгін" жобасы аясында енгізілген оқушы куәлігіне ата-ана ай сайын төлем төлеуге міндетті.(Себебі оқушы мектептен кіріп-шыққаны туралы смс хабарлама түседі).
 

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

 

Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

 

 

Категория: Ата-аналарға

 

Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

Автор: admin от 14-05-2016, 12:42, посмотрело: 888

7

Оқушылардың құқықтары:

1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

 

Оқушылардың міндеттері:

1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

- үлкендерді құрметтеу;

- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.

8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Категория: Оқушыларға

 

Табиғатты қорғау - өмірді сақтау!

Автор: admin от 14-05-2016, 12:15, посмотрело: 980

8

Қазақстанда адамзаттын арқасында экологиялық жағдайлар туындады. Ластанған ауа, лас су, кейбір жануарлар мен құстардың түрі жойылып кетті, бірнеше шақырым ормандар жыртылып жойылып кетті. Экологиялық тазалықты біздің...

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Денсаулық күні!

Автор: admin от 14-05-2016, 12:10, посмотрело: 989

1

Оқушылар үшін ең қызық спорттық мерекелердін бірі - Денсаулық күні! Ол ақпан айында өтіледі.

Денсаулық күніне мектеп оқышулары және мүғалімдері толығымен қатысады. Сынып араларында жарыстар...


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мұғалімдер күні!

Автор: admin от 14-05-2016, 12:06, посмотрело: 702

2

Мұғалімдер күні – мұғалімдер және оқушылар үшін сүйікті мереке. Мерекелік құтықтау газеттер және ашық хаттар мектепті безендіреді.

Оқушылар сүйікті мұғалімдерін букет гүлдерімен...

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед